KK/Prabhupada 1072 - Осы фәни әлемнен босап шығып, мәңгі әлемдегі мәңгі өмірімізге қайта оралу



660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Осы фәни әлемнен босап шығып, мәңгі әлемдегі мәңгі өмірімізге қайта оралу Бізге деген себепсіз мейірімділігімен, Тәңір Шйамасундара-рупа кейпінде келіп түсті. Өкінішке орай, зерделері келте ақымақтар Кришнаны келемеж етеді: аваджананти мам мудһа BG 9.11). Тәңір біздің біріміз сияқты келетіндіктен және бізбен адамша ойнайтындықтан, Тәңірді біздің біріміз деп санау дұрыс емес. Құдіреті шексіз Құдай алдымызға Өз кейпінде келіп, Өз мекеніндегі ойын-сауықтарын аудырмай тура салады. Құдайдың сол мекенінде, браһма-джйоти аспанында сансыз планеталар қалықтап ұшып жүр. Сансыз планеталардың Күн нұрында қалықтап ұшып жүретінін көретініміз тәрізді, Құдайдың мекенінен, Кришналокадан, Голокадан таралатын браһма-джйоти аспанында да сансыз рухани планеталар қалықтап ұшып жүр: ананда-чинмайа-раса-пратибһавитабһис (Бр. Смһ. 5.37). Ол планеталар фәни емес — ананда-чинмайа. Тәңірдің айтуынша:

na tad bhāsayate sūryo
na śaśāṅko na pāvakaḥ
yad gatvā na nivartante
tad dhāma paramaṁ mama
(BG 15.6)

“Рухани аспанға жеткен жан фәни әлемге қайта оралмайды”. Фәни әлемде тіпті Ай планетасын былай қойғанда… Ай планетасы, әрине, ең жақын планета. Тіпті Браһмалока деп аталатын ең жоғарғы планетаға жетсек те, онда да фәни тіршіліктің дәл осы төрт қасіретіне: яғни туу, өлім, қарттық және ауру-сырқаулар қасіретіне ұшыраймыз. Фәни тіршіліктің осы төрт қасіретінен фәни жаһанның ешбір планетасы бос емес. Сондықтан Тәңір Бһагавад-гитада: а-браһма-бһуванал локаһ пунар авартино `рджуна (BG 8.16) дейді. Тірі жандар бір планетадан екінші планетаға көшіп-қонумен болады. Спутник механизмінің көмегімен басқа планеталарға бара алмаймыз. Басқа планетаға барғысы келетіндер мына тәсілді қолдануға тиіс: йанти дева-врата деван питрин йанти питри-вратаһ (BG 9.25). Басқа планетаға, айталық, Айға барғымыз келсе, спутниктің көмегімен баруға тырыспағанымыз жөн. Бһагавад-гита йанти дева-врата деван деген өсиет береді. Ай, Күн планеталары, яғни біздің осы Бһулокамыздан жоғары тұратын планеталар Сваргалока деп аталады. Бһулока, Бһуварлока, Сваргалока. Бірнеше деңгейге бөлінетін планеталар бар. Бұл жоғарғы планеталар Девалока деп аталады. Бһагавад-гита сол жоғарғы Девалока планеталарына жетудің оңай жолын көрсетеді. Йанти дева-врата деван. Дева-врата, егер әлдебір деваға табыну жолын ұстансақ, сол деваның планетасына бара аламыз. Ай, Күн, жұмақ планеталарына бара алсақ та, Бһагавад-гита фәни әлемдегі бұл планеталардың ешқайсысына да баруға кеңес бермейді, себебі тіпті ең жоғарғы Браһмалока планетасына барсақ та, бүгінгі ғалымдардың санауынша, ең жоғарғы планетаға спутниктермен қырық мың (40 000) жылда ұшып жетеді екенбіз. Бұл фәни жаһанның ең жоғарғы планетасына ұшып жету үшін қырық мың (40 000) жыл өмір сүрмейміз. Ал егер өмірімізді әлдебір деваға табынуға арнасақ, сол деваның планетасына бара аламыз. Бһагавад-гитада осылай делінген: йанти дева-врата деван питрин йанти питри-вратаһ (BG 9.25). Питрилока планетасы бар. Жоғарғы планетаға барғымыз келсе… Жоғарғы планета дегеніміз — Кришналокаға. Рухани аспанда еш уақытта жойылмайтын сансыз санатана планеталар, мәңгі планеталар шексіз көп. Ал сол барлық рухани планеталар арасындағы ең бастапқы планета — Вриндавана Голокасы. Бһагавад-гитадағы бұл мәліметтер осы фәни әлемнен босап шығып, мәңгі әлемдегі мәңгі өмірімізге қайта оралу мүмкіндігін береді.